Мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:

Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық белсендігін әртүрлі іс - әрекет түрінде дамыту.


Міндеттері :

  • Балалардың денсаулығы мен психологиялық ахуалын қамтамасыз ету;
  • Рухани-адамгершілік тәрбие мазмұнын құрайтын жалпы адамгершілік құндылықтарға баулу;
  • Күнделікті бірлесе атқаратын іс-әрекеттер барысында баланың бойын адамгершілік қарым-қатынасқа баули отырып, олардың талап-тілектерімен санасу, жанашырлық сезімдерін дамыту;
  • Педагогтар мен ата-аналардың рухани-адамгершілік тұрғыда өсуіне жағдай жасау;
  • Адамгершілік-рухани тұрғыда балаларды жан-жақты тәрбиелеу.
  • Балалардың креативті ойлауын, шығармашылық қиялын және танымдық қабілеттерін дамыту;
  • Коммуникативтік дағдырлары мен біліктіліктерін арттыру;


ПИЛОТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ МИССИЯСЫ:

Білім үдерісінің әрбір баланың ішкі әлеуетін ашуға мүмкіндіктер туғызу болып табылады.


ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ҰРАНЫ:

Өсеміз, ойнаймыз, үйренеміз!


ҰЖЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҰРАНЫ:

“Әрбір бала бір жұлдыз, жарқыраған аспанда”.


БАЛАБАҚШАНЫҢ ӘНІ:

1. Күнде таңмен баратын,

Ойнап, асыр салатын.

Би билейтін, күлетін,

Әр кез қуанышты жүретін

Балабақша “Ақ қайың”

Ән жырымды айтайын.

2. Тәрбиеші апайлар,

Қамқоршы жан әмәнда.

Бақша толы балалар,

Мұнда қызық қашанда.

Балабақша “Ақ қайың”

Ән жырымды айтайын.

3. Суретті де салатын,

Көңілді үйге баратын.

“Ақ қайың” балабақшасында,

Бар қызықты табасын.

Балабақша “Ақ қайың”

Ән жырымды айтайын.