№29 «Ақ қайың» балабақшасының
2018-2019 оқу жылының жарты жылдық
ЕСЕБІ
Тәрбиелеу мен оқыту мазмұнына қойылатын нормалар мен талаптар жүйесін белгілейтін мектептке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартына сәйкес 2018-2019 оқу жылында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Рухани-адамгершілік білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 2017 жылғы 02 мамырдағы №208 бұйрығы негізінде бағдарлама мен жұмыс жоспарына сәйкес пилоттық балабақша енгізілуі жалғастырылды. Біздің балабақшада 14 педагог жұмыс атқарады. Жалпы ұжымда“Өзін-өзі тану” рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша 5 педагог біліктілігін жоғарлату курсынан өтті. Жыл басында алынған барлық білім беру салалары бойынша деңгейлік көрсеткіші орташа.
2018-2019 оқу жылына арналған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша пилоттық жылдық жоспар құрылып, алдымызға мақсат пен міндеттер қойдық. Рухани –адамгершілік құндылықтар тек қана оқу-тәрбие жұмыстарында ғана емес, сонымен қатар балаларды таңертеңнен бастап үйлеріне алып кеткенге дейінгі уақытта жүргізіледі.
Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын кіріктіру арқылы білім беру салаларының мазмұнының құндылықтық мәнін күшейту, ішкі үйлесімділікке қол жеткізуді мақсатымызға алдық.
РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛГЕН ЖҰМЫСТАР:
- Ұйымдастырылған оқу қызметі
- Іс-шаралар
- Ата-аналармен жұмыс
- Мектеппен жұмыс
- Балабақша жетістіктері.
«Өзін –өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша жалпыадамзаттық құндылықтарға бағытталған тәрбиеленушілердің жан-жақты және толыққанды тұлғасын дамыту үшін рухани-адамгершілік бағытта балабақшамызда жүргізіліп жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып өткіміз келеді.
Әр аптаның дүйсенбі және жұма күндері таңертеңгілік уақытта балалармен «Жүректен-жүрекке» атты таңғы жиын өтеді. Таңғы жиында әр топ ұранын, жұма бойы өткен іс-шараларды еске түсіріп, балалардың, педагогтардың жетістіктерін айтып, мадақтаймыз.


ТӘРБИЕ-ОҚУ ҚЫЗМЕТІ
Балабақшада Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сай жазылатын барлық ұйымдастырылған оқу қызметіне “Өзін-өзі тану” рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша бес құндылықтарды АҚИҚАТ, СҮЙІСПЕНШІЛІК, ДҰРЫС ӘРЕКЕТ, ІШКІ ТЫНЫШТЫҚ, ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ осы құндылықтарлың қасиеттерінің мағынасын ашамыз..
Қалалық ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері:
2018 жылы қараша айында кластер жоспары бойынша Білім беру саласында патриоттық - адамгершілік тәрбиені тиімді қолданып, педагогикалық қызметте тәрбиешілерімен, дене шынықтыру нұсқаушыларына тәжірибе алмасу М.Абенова дене шынықтыру нұсқаушысы ересектер тобының балаларымен «ДӘРІГЕР АЙБОЛИТТІҢ КӨМЕКШІЛЕРІ» атты оқу қызметін көрсетті.



2018 жылы қараша айында педагогтар әдістемелік бірлестіктің жоспарына сай интеграциялық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткізді.




ІС-ШАРАЛАР
Біздің балабақшамызда үнемі қонақжайлылық дәстүрі сақталған. 2018 жылдың қазан айында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру орталығының жетекшісі Даулетбекова Гульнар Қасымхановна «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының пилоттық жобасын жүзеге асыру атты балабақшаның педагогикалық ұжым қызметкерлері мен мастер класс ұйымдастырып өткізді.


Ересек тобының балалары «Үйшік» ертегісін сахналады.



Іс-шаралар:
2018 жылдың тамыз-қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліміз ана тілі күні қарсаңында «Ана тілім-дана тілім» апталық ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті.

2018 жылдың қыркүйек айында «Білімнің бастауы - балабақшада» білім күні мерекесіне ертеңгілік ұйымдастырылды.
2018 жылдың қазан айында «Күз береке-күз мереке» мерекелік ертеңгілік, «Мейірімді табиғаттың сыйы» отбасылық көрме топтар арасында ұйымдастырлыды.




Бала өмір қауіпсіздігіне байланысты Ішкі істер басқырмасының қызметкері балалармен әңгіме сухбат жүргізді “Полицейский бұл кім” тақырыбында.


2018 жылдың желтоқсан айында «Тәуелсіздік - мақтанышым» тақырыбында оқу қызметтері мен іс-шара ұйымдастырылды.

2018 жылдың желтоқсан айында «Алақай жаңа жыл келді!» мерекелік ертеңгілік, «Мейірімді табиғаттың сыйы» отбасылық көрме топтар арасында ұйымдастырлыды.


«ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫ –ЖҮРЕКТІҢ ТҮКПІРІНДЕ!» АПТАЛЫҚТАРЫ
2018 оқу жылдың қараша айында балабақшамызда «Бірлік, достық, махаббат!» атты психология апталығы өтті.
Мақсаты: тәрбиеленушілердің рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасы негізінде шығармашылық белсенділігін арттыру, ата-ана, бала, педагог қарым-қатынасын нығайту.


АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС.
-Ата-аналар жиналысы (рухани-адамгершілік тақырыптарға), слайдтар;
-театрлық қойылымдар;
-ата-аналар лекторийі;
-ата-аналарға арналған «Жүректер үндестігі» клубы;
-ата-аналар конференциясы «Үш жүрек бірлігі»;
- апталық акциясы «Мейірімді жүрек» (сурет көрмесі, фото көрмесі, мәнерлеп оқу, қолөнер көрмесі, отбасылық суреттер);
- еңбек және соғыс ардагерлерімен кездесу,№ 4 мектептің балаларымен кездесулер;
-Ата-аналар мен балалардың біріккен нәтижелі іс-әрекеттері (көрмелер, қабырға газеті, қолөнерлер);
- Ата-аналар мен балалардың біріккен жобалар;
-фотокөрмелер;
-тәрбиешілерге арналған оқулар «Сүйіспеншілік сабақтары», ата-аналарға, балаларға, немерелерге арналған хаттарын оқу;
-сауалнамалар;
-мерекелік және спорттық іс-шараларды өткізу;
-ашық есік күні;
-кеңестер, тренингтер, жағдаяттар шешу.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың ең маңызды түріне ата-аналар жиналысын жатқызамыз. Дәстүр бойынша әр жаңа оқу жылының басында, балабақшаның әр тобында ата-аналарға арналған жиналыстар өткізіледі, рухани- адамгершілік тәрбиеге арналған. Жиналыстар қандай тақырыпқа арналса да, оның басты мақсаты болып, рухани – адамгершілік тәрбиені отбасымен қатар балабақшаның күнделікті өмірінде жүйелі түрде қолдана білу болып табылады.
Баланы рухани-адамгершілікке тәрбиелеуді іске асыру мақсатында педагогтар жүйелі түрде «Жағымды тәрбиенің әдістері», «Қайырымды істер», «Үлкендер және достарыңмен қарым- қатынас мәдениеті» «Ұл мен қызды тәрбиелеуде әкенің атқаратын рөлі», «Ана- қыз бала үшін үлгі» т.б тақырыптарда кеңестер беріп отырады.
2018 жылдың қазан айында «Баланы рухани-адамгершілік патриоттыққа тәрбиелеуде ата-ана мен педагогтың ынтымақтастығы» атты дөнгелек үстел ұйымдастырылып, жоспарға сай өткізілді.



- Қолөнер көрмесі «Күз сыйы», «Біздің отбасының жаңа жылдық ойыншығы»


- Фотокөрмелер «Менің сүйікті отбасым», «Отбасындағы туған күн», «Біздің дәстүрлер», «Балаларды алақанымызда аялайық».
Ата-аналармен жеке жұмыс жасау мақсатында:
- жекелей қалташалар, қалташаларға тәрбиешілер ата-аналарға арнап баласының соңғы жетістіктері туралы, оның табысы және ата-аналарға арнап жазылған ақыл-кеңестер жазылған хаттарды салып қояды.
- Ата-аналардың балаларына арналған хаттары, қайырымдылық пен сүйіспеншілік тілеген жылы сөздері

Ата-аналарды рухани-адамгершілік тәрбиемен таныстырудың тағы бір формасы - көркем құралдар: (газеттер, стендттер, қозғалмалы папкалар мен жағымды отбасының тәрбиені насихаттау т.б.) балалардың жалпыадамгершілік қасиеттерін дамытуға зор үлесін қосады.
Балабақшаның пилоттық жұмысының алғашқы кезеңінде өткізілген анкеталау, ата-аналармен жүргізілген әңгімелесулер, ата-аналардың кейбір бөлігінің баланың мектепке дейінгі кезеңде әлеуметтік нормалар мен моральдық талаптарды меңгеретінін , дәл осы жаста қайырымдылық пен зұлымдықтың мағынасы туралы бала ұғымының қалыптасатыны, адамгершілік көрініс, адамгершілік тәртіп пен қарым-қатынас нормалары баланың осы жасында қалыптасатыны туралы білмейтіндерін көрсетті.
Рухани-адамгершілік тақырып-мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес.Жас ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру –ата-ана мен тәрбиешінің басты міндеті.Рухани-адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер.Оның қайнар бұлағы –халқы қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы- өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
МЕКТЕППЕН ЖҰМЫС.
Біздің балабақша №4 «Жамбыл Жабаев» атындағы мектеп-гимназиясымен «Жылы жүрек - жақсы тілек» тақырыбында бірлесіп,жұмыс жүргіземіз. Мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдері мен балабақша педагогтарының арасында тығыз қарым-қатынас орнату арқылы балалардың бойына патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Бастауыш сыныптың педагогтары мен іс-тәжірибе алмасу барысында, мерекелік іс-шараларға, оқу қызметтеріне, мектепке саяхатқа, оқушылар мен мұғалімдермен кездесулерге, көрме жәрменкесіне, ұлттық салт-дәстүр мұражайына саяхат жасап тұрамыз.




Сбербанк банкінің қызметкерлерінен көп балалы отбасы балаларына кішігірім сыйлықтар таратылды.

2018-2019 ЖАРТЫ ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ:
2018ж.«Дарынды-бала» Республикалық балалар мен жасөспірімдер сайты «Шығармашылық шыңдары» байқауының ересек тобының тәрбиеленушілері
І Дәрежелі Дипломмен марапатталды;
2018ж. Халықаралық «Алем өнері» фестиваль –конкурста ересектер тобының тәрбиеленушілері І Дәрежелі Дипломмен, Кубокпен марапатталды;
2018ж. «Президентке сыйлық» «Тұңғыш Президент күніне» арналған көркем шығармашылық байқауның ересек тобының тәрбиеленушілері Сертификатпен марапатталды.
2018ж Қалалық көркем гимнастика «NEW STARS» ересек тобының тәрбиеленушісі ІІ орын Дипломмен марапатталды.
2018ж Халықаралық «Пони» конкурсының жеңімпаздары.


















