«Өзін-өзі тану»

№29 «Ақ қайың» балабақшасында  2019 жылдың қазан айының 30-ы күні «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасын балабақша практикасына енгізу» аймақтық әдістемелік семинар №7 «Аққу» (ғимарат 2) балабақшасымен бірігіп өтілді.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын балабақша жұмысына терең интеграциялау және балабақшаның жұмыс тәжірибесімен бөліскен №29 «Ақ қайың» балабақшасының инновациялық әдіскері Қайыржан Салтанат Қанатқызы. Бағдарламаның жоспары бойынша «Күншуақ» тобының тәрбиешісі Тукешова Жадра педагогтарға арналған шеберлік сыныбын өткізді.