«Адамгершілік - асыл қасиет»

№29 «Ақ қайың» балабақшасында 17 ақпан күні «Адамгершілік  - асыл қасиет» атты қалалық семинар өтті. 

 

 «Қызғалдақ» мектепалды даярлық тобының педагогі Сағанай Айнаш Әбуқызы «Мейірімділік жүректен» атты  ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Фото 

 

«Күншуақ» мектепалды даярлық тобының педагогі Курманова Динара Омиржановна «1 және 7 саны» логикалық есептер ұйымдастырылған оқу қызметін  өткізді.

 

Балабақша психологі Ахильбекова Ақеркеш Асқаровна  «Менің құндылықтарым» атты шебер сынып тренингін өткізді.