Елордалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында отбасы институтының рөлін күшейтуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Әр жоба өз ерекшелігімен маңызды рөл атқарады. Астана қаласы әкімдігінің №29 «Ақ қайың» балабақшасы педагогтер мен әжелер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында тәрбиеленушілердің әжелерімен бірлескен іс-шара өткізді. Осындай жобалар арқылы балабақша мен отбасы арасында өзара сенім мен қолдау қалыптасады, бұл баланың жан-жақты дамуына оң ықпал етеді:
- «Ата-аналар мектебі» - ата-аналарға бала тәрбиесі бойынша кеңестер беріп, олардың тәрбие үрдісіне белсенді қатысуын ынталандырады.
- «Әжелер мектебі» - әжелердің отбасылық тәрбиедегі рөліне баса назар аударады, отбасылық құндылықтарды сақтап, ұрпақтар сабақтастығын қолдайды.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы балабақшада


















