”Біртұтас тәрбие” бағдарламасы балабақшада
Елордалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында отбасы институтының рөлін күшейтуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Әр жоба өз ерекшелігімен маңызды рөл атқарады. Астана қаласы әкімдігінің №29 «Ақ қайың» балабақшасы ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында тәрбиеленушілердің аналарымен бірлескен “Қызым үйде қылығы түзде” атты қол - өнер іс - шарасын өткізді. Осындай жобалар арқылы балабақша мен отбасы арасында өзара сенім мен қолдау қалыптасады, бұл баланың жан - жақты дамуына оң ықпал етеді:
• «Ата - аналар мектебі» - ата - аналарға бала тәрбиесі бойынша кеңестер беріп, олардың тәрбие үрдісіне белсенді қатысуын ынталандырады.
• «Аналар мектебі» аналарды белсенді түрде балабақша, қосымша білім беру өміріне қатыстырып, байланысын нығайтып, шығармашылық білім бастамаларында қолдау көрсету.


















