24.01.2018 жылы балабақшамызда «Рухани жаңғыру: тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу-заман талабы» тақырыбында кластер бойынша семинар өтті.
Мақсаты: Жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген біртұтас педагогикалық процесс құру арқылы мектепке дейінгі баланың рухани-адамгершілік және патриоттық дамуына қолайлы жағдай жасау.
Семинарға арнайы қала қонақтары шақырылды:
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің әдіскері Әсел Әділбайқызы.
- "Мир через Духовность" Қоғамдық бірлестігі Президиумының Төрайымы Мухашова Сәуле Абдимировна.
- Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының Академигі, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының тренері Хожамуратова Сауле Губайдуллиновна.
- АҚ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тренерлері Клименко Наталья Александровна, Даулетбаева Гульнар Касымхановна.
- «Нұр Отан» партиясы Сарыарқа филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Алимғазина Бағлан Ауганбаевна.
- №59 мектеп-лицейінің Рухани-адамгершілік білім беру және тәрбиелеу ісі жөніндегі директордың орынбасары Кабажаева Сауле Казымбекова.
- Класстерға серіктес балабақшалар: №6 «Көктем», №9 «Нұршашу», №24 «Айналайын», №58 «Өркен» балабақшаларының меңгерушілері мен әдіскерлері және тәрбиешілері.
- «Kazinform» және «Білім Айнасы газетінің тілшілері.
Кластер бойынша семинарды балабақшаның тәрбиеленушілері «Бәрі сүйіспеншіліктен басталады» музыкалық ән-шашуымен ашты.
Семинар жоғары деңгейде өтті.


























