№29 «Ақ қайың» балабақшасында 2018 жылдың ақпан айының 01 - нен 12-ші жұлдызы аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты іс - шара ұйымдастырылып, жоспарға сай өткізілді.
Салтанатты рәсімге балабақшаның педагогикалық ұжым қызметкерлері мен ІІ кіші «Меруерт», ортаңғы «Інжу», ересектер «Күншуақ»,«Қызғалдақ» топтарының балалары музыка залына жиналып, ҚР Мемлекеттік әнұранымен бастадық, әр топ өзінің топтарын, эмблемасын, ұранымен таныстырып өтті.


Іс-шараның екінші күні «Рухани-адамгершілік бағдарламасының» авторы С.А.Назарбаеваның қызметі туралы «Мейірімін төгетін Ана» атты кітаптар көрмесін ұйымдастырдық. Кітап көрмесін көруге ересектер және орта тобының балалары келіп, топ тәрбиешілері Сара Алпысқызының өмір жолын баяндап, оқулықтарымен таныстырып, бала тәрбиесіне аса зор көңіл бөлетінін фото-суреттерінен қарап тамашалады.

Іс-шара жоспарына сай үшінші күні «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу, «Мейірімді жүректен шыққан сезім» ашық хаттарын оқу ұйымдастырылды. Ересектер және орта, ІІ кіші топтарының ата-аналарың, әжелерінің балаларына жазған хаттарын тәрбиешілері оқып берді.

Іс-шара жоспарына сай төртінші күні «Жүректен - жүрекке» қайырымдылық акциясымен Нур-Султан қаласының «Зейнеткерлер үйінің» ата-әжелері балабақшамызға қонаққа келді.Концерттік бағдарламамыз бен балаларымыздың, ұжым қызметкерлерінің жүректерінен шыққан жылы сөздер арқылы мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерге толы ата-әжелеріміздің көңілдерін көтеріп, жүректерінен жол таптық.



Іс-шара жоспарына сай алтыншы күні барлық топтарда «Өзін-өзі тану» пәні бойынша ашық ұйымдастырылған оқу қызметтерін өткіздік. І кіші «Балапан» тобының тәрбиешілері Т.Козымова мен А.Шәмірбек «Қуанышпен қарсы алынған таң» сахналық қойылым


Іс-шара жоспарына сай «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты Республикалық онкүндіктің жабылуын қорытындылау барысында балабақшамызда он күн бойы жүргізілген іс-шаралар жоғары деңгейде өткізіліп, белсене қатысқан балалармен ата-аналар жүлделі орындармен марапатталды.




















