2018-2019 оқу жылында 12.11.2018-16.12.2018 уақыт аралығында №29 «Ақ қайын» балабақшасында «Бірлік, достық, махаббат!» атты психология апталығы өтті. Мақсаты: тәрбиеленушілердің рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасы негізінде шығармашылық белсенділігін арттыру, ата-ана, бала, педагог қарым-қатынасын нығайту.
Аптаның бірінші күні «Көңіл-күй экраны» атты психологиялық ойыны, «Қызғалдақ», «Күншуақ» ересек топтарында «Суретті аяқта» атты әдістемелік сабақ, екінші кіші «Балапан» тобында «Сиқырланған жүрек» атты тренингі өтті.




















