«Көңіл-күй экраны» психологиялық ойын

«Көңіл-күй экраны» психологиялық ойынында ата –аналар мен балалар бірігіп балабақшаға келгендегі өздерінің көңіл - күйлерін көрсету мақсат болды.

 

Психологтың алдын-ала дайындаған  түрлі-түсті қағаздарға жазылған жақсы көңіл-күй сыйлайтын сиқырлы қорапшаға салынған тілектер ұсынылды. Әр түс белгілі көңіл-күйді білдірді. Қызыл түс-бақыттымын, сары түс- көңілдімін, жасыл түс-сабырлымын, көк түс- жабырынқы көңіл күй. Бұл психологиялық ойынның мақсаты-позитивті көңіл-күй сыйлау.